top of page
1758088555677.jpg
20250917_105059.png

Қазыбек Бек

ТАУАСАРҰЛЫ

WhatsApp Image 2025-09-17 at 22.28.32 (1).jpeg
maxresdefault.jpg
images_edited.jpg
P4wC27AvBGzN5VScPvlU_p5foZaPSooqVnMI5FFrLxXFCzmy5P5sKTp7HzvJAZob9dTWrH2H.jpg

PDF нұсқасы

Кітап

3D нұсқасы

Электронды нұсқа 

ТҮП-ТҰҚИЯННАН ӨЗІМЕ ШЕЙІН

Батыр, қолбасшы, бек, саяхатшы, шешен де білгір Қазыбек бек Тауасарұлының біздің қолымызға жеткен жалғыз еңбегі

Қазыбек Бек
ТАУАСАРҰЛЫ

КІМ?

Батыр

Қолбасшы

Саяхатшы

Шежіреші

Соғыс өнерін меңгерген бек

1692

жылы

сәуірде қазіргі Жетісу жерінде Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Байдың еркебұлан демей, 5 жасынан алысқа Бұқараға жіберген. Сауатын ашып, Бұқарадағы дін оқуын төрт жылда тәмамдап, ол еліне – Жетісуға қайтқан, елі-жұрты жиналып, Матай биге кісі салып, немересі біздің балаларымыздың тілін сындырсын, ұрпағымыз көркөкірек болып қалатын болды деген соң, қаршадай, тоғыздан онға шығар Қазыбекке бала оқыттырады.

ErJyn82k12zVvEK8P7uomHO2BO2gnxaKC7SO02u7vn2WZt0Wa60PeGGDZ8v0ZBYbFOQGFMU4mqa44I8u014fy1vw.jpg

ҚАЗАҚ СОВЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНДА:

Қазыбек Тауасарұлы Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы, Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Құба қалмақтармен соғыста тұтқынға түскен ағасы Байкөбекті құтқармақ болып, көп қалмақпен соғыс үстінде өлген. Батыр өлген жерді жергілікті халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. 

"

"

pngegg.png

6-том, 399-бет

WhatsApp Image 2025-09-17 at 22.28.32.jpeg
Шапырашты_Наурызбай.jpg
Қаракерей_Қабанбай.jpg
images.jpg

Қазыбек бек Шапырашты Наурызбайдың ақылшысы болды, Қабанбай мен Бөгембайдың, Наурызбайдың талай қанды соғыстарына бірге қатысты. Қалмақты құртып жібергенше ол тыныш таппады. Сөйтіп жүріп қырық жерінен найза тиіп, ақыры ол жара асқынып, 1776 жылдың қараша айында дүниеден өтті.

WhatsApp Image 2025-09-17 at 15.57.48.jpeg
3efebc7f-dd82-4037-8932-b0d8fed5df37.jpg

Қазақ даласындағы ұрыстардың шежіресін ол сонау 1570-жылдан бастайды.   Ол қазір белгілі болған барлық ірі шайқастардың – Бұлантыда, Шоқпарда, Құмтөкейде, т.б. тікелей қатысушы болды.

 

Қазақтардың қалмақтармен 340 жылдық соғысындағы бетбұрыс 1729 жылы қазіргі Далатаудағы шайқас болды. Аңырақай шайқасы деп аталды. Ұлы жеңіске әкелген бұл шайқастың стратегиясы мен тактикасын дұрыс жасағаны үшін Қазақ майданының бас қолбасшысы Қазыбек Тауасарұлына кейінгі мұрагерлік құқығымен бек (ханзада) атағы берілді.

Қазыбек бек Тауасарұлы туралы мәлімет қосу

ФАЙЛ ҚОСУ
Мәлімет қосу
WhatsApp Image 2025-09-17 at 22.28.33.jpeg
684d2beb-aacf-4138-a2b1-ad52aec681d9.jpg

Әкесі байдың еркебұланы демей, 5 жасынан алысқа Бұқараға жіберген.

Білім алу жолы
b5250c5b-651f-4378-8f14-e2eeb3836624.jpg

Сауатын ашып, Бұқарадағы дін оқуын төрт жылда тәмамдап, ол еліне – Жетісуға қайтқан, елі-жұрты жиналып, Матай биге кісі салып, немересі біздің балаларымыздың тілін сындырсын, ұрпағымыз көркөкірек болып қалатын болды деген соң, қаршадай, тоғыздан онға шығар Қазыбекке бала оқыттырады.

1473435e-1320-47ef-a8d5-8a27f1c7805e.jpg

Екі жылдай бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан Қазыбек, балалығы сол емес пе, түстен кейін шәкірттерімен қосылып асық ойнап, тай мініп, жарысып кетеді екен. Оның ауылда оқытқан шәкірттерінің ішінде ақын Сүйімбай, Жамбыл Жабаев жырлаған Өтеген де бар еді. Кейін осы өзі оқытқан Өтеген Өтеғұлұлымен қатты дос болып, өмірінің ең бір мәнді, маңызды шағының бәрін сонымен өткізді.

Арада екі жыл өткен соң Қазыбек қайта оқуға аттанады. Ол Бұқара мен Самарқандқа жөнеледі. Өтеғұл бай өзінің ұлы Өтегенді Қазыбекке қосып оқуға жібереді. Осыдан кейін Қазыбек пен Өтеген бірге Бұқара, Самарқандқа, одан кейін Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып сегіз жыл оқып, елге қайта оралады.

49eea14f-b9e4-4571-bff8-aa92e5c6ac87.jpg

Ұрыс тәсілдерін, соғыс тактикаларын жетік меңгерген Қазыбек бек

3efebc7f-dd82-4037-8932-b0d8fed5df37_edited.jpg
Қосымша материалдар

Қазыбек бектен қалған ұрыс тәсілдері

Аудиокітап, 1-бөлім

Презентация

20250917_105059.png
Жобаны дайындаушылар:
Сәдуова Сая Орынғалиқызы
Жетекшісі: Жұбатқанов Сағындық Хасенұлы
bottom of page