top of page

ҮЙРЕН ДЕ ЖИРЕН

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК САЙТТАР

Sozdikqor.kz

Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа.

Termincom.kz

Termincom.kz - қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейді, терминологиялық лексиканы біріздендеру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеу, терминологиялық атауларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында бұқара қауымға арналған ақпараттық құрал.

Tilqural.kz

Til-Qural – қазақ тілін өздігінен оқуға арналған веб-платформа және мобильді қосымшалар. Барлық жаттығулар интерактивті түрде берілген әрі тиімді әдістемелерге негізделген. Олардың көмегімен ережелерді меңгеріп, сөздік қорыңды байытасың және оқылым, тыңдалым дағдыларын жақсартасың. Қазақ тілінің латын графикасы курсы сізге латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін, оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

TIL TANYM - тілге қатысты материалдарды жинақтаушы, мемлекеттік тілдің мәртебесі, оның тазалығын қоғам болып талқылауға арналған портал. 

bottom of page